Медиа ресурстар
СТУДЕНТТЕР «КІТАП LIFE» КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ
Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР «КІТАП LIFE» КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

28 қазан күні Атырау қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап Life» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Аталған рухани-мәдени іс-шараға Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты.

Фестиваль аясында кітап танымал қазақстандық әдеби жобаның авторы, жүргізуші Хамит Ердеханмен арнайы кездесу өтті. Кездесу барысында оқырман қонақпен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ кітап оқудың тұлғалық дамудағы маңызы, рухани құндылықтар мен оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Айта кетейік, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу марафонына Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінен 300-ден астам оқырман қатысуда. Олардың қатарында студенттер мен оқытушы-профессорлар, қызметкерлер де бар. Университет ұжымы аталған бастамаға белсенді атсалысып, білім ордасында кітап оқу мәдениетін дамытуға және насихаттауға өз үлесін қосып келеді.

Кітап оқитын ұлт – жарқын болашақтың негізі!

#КітапОқитынҰлт #КітапLife #АтырауУниверситеті #КітапОқуМарафоны #РуханиДаму