Медиа ресурстар
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БЕЙБІТ МАМРАЕВ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жаңалықтар

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БЕЙБІТ МАМРАЕВ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары!

«Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің атынан баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Республика күні – еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігінің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының айқын нышаны. Бұл тарихи мереке тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу жолын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің, қоғамдық келісімді нығайтудың және Отанымыздың болашағы алдындағы ортақ жауапкершіліктің маңызын айшықтайды.

Егемен еліміздің өркендеуінде жоғары білім мен ғылым саласының алатын орны ерекше. Университеттер – мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, ел дамуына үлес қосатын білімді, білікті, отаншыл әрі жауапты жас ұрпақты тәрбиелейтін маңызды орталықтар.

Осы орайда, университеттің барша ұжымына отандық білім мен ғылымды дамытуға қосып отырған елеулі үлестері, кәсіби шеберліктері және адал еңбектері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Айтулы мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, амандық, бейбітшілік пен мол табыс тілейміз! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын, бірлігі бекем болсын! Әрбір игі бастамаларыңыз сәттілікке ұласып, еңбектеріңіз толағай жетістіктерге жеткізсін!

Республика күні құтты болсын!

Ізгі құрметпен,
Директорлар кеңесінің Төрағасы

профессор, Б.Мамраев