Медиа ресурстар
«БІЛ. САСПА. КӨМЕКТЕС»: СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!
Жаңалықтар

«БІЛ. САСПА. КӨМЕКТЕС»: СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!

12 қазан күні ISpace кеңістігінде 1-курс студенттеріне (6B04101 Экономика, 6B04106 Маркетинг. Менеджмент. Бизнес) арналған маңызды әрі практикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттер: • Жедел жәрдем бригадасының жұмысымен танысты; • Алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін және төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмін меңгерді; • Медицина қызметкерлерінің практикалық көрсетілімін тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

📌 Ұйымдастырушылар: Кураторлар А.К. Джумаева, А.Р. Тажиденова («Экономика және менеджмент» кафедрасы).

Маңызды әрі өмірлік білім берген мамандарға алғыс айтамыз! ❤️

#АтырауУниверситеті #АлғашқыКөмек #ЖеделЖәрдем #Қауіпсіздік #СтуденттікӨмір #ISpace #Атырау