Медиа ресурстар
АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ, ЖИНАУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ, ЖИНАУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылдың 14 қазанында Инновациялық білім беру факультеті, Психология және арнайы педагогика кафедрасының PhD Г.О. Мугауинаның 7М01101 – Педагогика және психология білім бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Білім беру жүйесіндегі жобалық қызметті әзірлеу, басқару және іске асырудың ғылыми негіздері» пәнінен «Ақпаратты іздеу, жинау және жүйелеу әдістері» тақырыбындағы ашық дәріс сабағы өтілді.

Ашық сабақтың мақсаты - магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмысында қажетті ақпаратты тиімді іздеу, ғылыми дереккөздерді іріктеу, ақпараттың сенімділігін бағалау, алынған мәліметтерді жинақтау.

Ашық дәріс сабақта ғылыми зерттеудегі ақпараттың маңыздылығына, ақпаратты іздеу ұғымына, кілт сөздерді дұрыс анықтауға, ақпаратты жинау әдістеріне, жасанды интеллектіге, табылған ақпаратты бағалауға, ақпаратпен жұмыс барысында жиі кездесетін қателіктерге, ақпаратты ғылыми білімге айналдыруға тоқталып, көптеген мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар,ғылыми ақпаратты қайдан іздейміз? деген сұраққа тоқтала отырып, магистранттарға  GoogleScholer, Scopus, Web of Science, Springer Link, Dimensions, OpenAlex, т.б. дерекқорларымен және отандық журналдар, ЖОО Хабаршылар, электронды ресурстар соның ішінде,  ЖОО-дағы  LiBAU сайтымен таныстырылды. Ашық дәріс соңында сұрақ-жауаптар қойылып, қорытындыланды.