Медиа ресурстар
АТЫРАУДА ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің өкілдері Атырау қаласында өткен әйелдер қауымдастығын дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және қоғамдық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған кездесуге қатысты.

 Іс-шараға университеттің Ғылым департаменті Қоғамдық келісімді дамыту институты директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Әшірханова қатысты.

 Кездесуді Астана қаласы Азаматтық альянсының төрайымы, Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары қауымдастығының президенті, AU HUB негізін қалаушы Аяжан Утеуова ұйымдастырды.

 Жиын барысында AU WOMEN әйелдер қауымдастығын дамытуға атсалысып жүрген психолог, «Адал Азамат – Белсенді қоғам» азаматтық қоғам орталығының жұмысына қатысушы Айман Абдуалиева Атырауда көшбасшы әйелдер қауымдастығын құру жолдары мен оны дамыту мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.

 Кездесуде әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, әлеуметтік бастамаларды қолдау, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы әріптестік байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар әйелдердің тұлғалық дамуына жағдай жасау, олардың қоғамдық бастамаларға қатысуын кеңейту және өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Показать меньше