Медиа ресурстар
КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Жаңалықтар

КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Кітап сыйла» акциясы аясында Ғылыми кітапхана қоры жаңа еңбекпен толықты.

Акцияға Экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Нұрсәуле Раулқызы қатысып, «Теңіз кен орнында күкірт түзілу технологиялық процестерінің ерекшеліктері» атты авторлық монографиясын кітапханаға сыйға тартты.

 Ғылыми еңбекте Теңіз кен орнындағы күкірт түзілу үдерістерінің технологиялық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған. Монография экология және мұнай-газ саласында білім алып жүрген студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ зерттеушілерге пайдалы ғылыми еңбек болмақ.

Сонымен қатар Нұрсәуле Раулқызы аталған монографияның электрондық нұсқасын Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына алғаш болып жолдады.

 Университет кітапханасының қорын құнды ғылыми еңбектермен толықтыруға үлес қосқан авторға алғыс білдіреміз!