Медиа ресурстар
«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Жаңалықтар

«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ақтау қаласында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» жарысында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері самбо және каратэ спорт түрлерінен үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Самбодан өткен белдесулерде университеттің қыздар құрамасы жеті салмақ дәрежесінде бақ сынап, 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Осылайша, спортшыларымыз командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Ұлдар құрамасы да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде команда жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Каратэ жарысында да студенттеріміз табысты өнер көрсетті. Ұлдар арасында 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алынса, қыздар 1 алтын және 1 күміс жүлдені қанжығасына байлады. Аталған спорт түрінен командалық есептің қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Университет спортшыларын жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!