
Университетте 32 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеу басталды
Бүгін, 2025 жылдың 28 мамырында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 32 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу басталды. 29 білім бағдарламасы бірінші, 3 білім бағдарламасы екінші мамандандырылған аккредиттеуден өтуде. Өткізуші мекеме: «Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығы» . Барлығы - 35 сарапшы, оның 6-уы шетелдік.
Бірінші күні басқарма төрағасы-ректор С.Н.Идрисовпен, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Е.Чукуровпен, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор К.М.Утепкалиевамен, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Л.Е.Койшигуловамен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, ПОҚ-мен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен, түлектермен кездесу-сұхбат жүргізілді.
Білім бағдарламалары бойынша материалдық, техникалық және оқу-зертханалары базасымен танысып, таңдамалы пәндердің сабақтарына қатысты. Сарапшылардың өзара кеңесі болды.
Мамандандырылған аккредиттеудің бірінші күні өз жұмысын тамамдады.