Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Бақыт Алтынбасов шетелдік ғалыммен бірге зерттеу мақалаларын халықаралық ғылыми басылымдарда жариялау жолдарын талқылады.
Проректор кабинетінде Индонезиядағы Айрлангга университетінің доценті, PhD Мұхаммад Саудпен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін халықаралық басылымдарға ұсыну мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Әңгіме барысында зерттеу тақырыптарын айқындау, ғылыми мақалаларды әзірлеу, зерттеу әдіснамасы мен ғылыми этика талаптарын сақтау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, университет оқытушылары мен зерттеушілерінің халықаралық ғылыми басылымдарға мақала дайындау мүмкіндіктері, халықаралық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу және ғылыми семинарлар өткізу бағыттары талқыланды.
Пікір алмасуға Ғылым департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Э.М. Адиетова және ЖОО кейінгі білім бөлімінің жетекшісі, магистр А.Т. Темиртасова қатысты.
Талқыланған бағыттар университет ғалымдарының зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және халықаралық ғылыми басылымдарға сапалы мақалалар дайындауға негізделген.