Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттері мен қазіргі уақытта ғылыми қызметпен айналысып жүрген мамандарға әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында 90 күнтізбелік күнге дейін ғылыми тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұсынатын жыл сайынғы байқауды жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
· Қазақстан Республикасының азаматы болсаң және Қазақстан Республикасының аумағында тұрсаң;
· Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкер болсаң;
· жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары; денсаулық сақтау бағыттарының бірінде білім алсаң немесе жұмыс істесең;
· GPA көрсеткішің 3,3 немесе одан жоғары болса;
· ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерсең;
· ғылыми олимпиадалар мен байқауларда жетістіктерің және белгілі бір ғылыми салаға айқын қызығушылығың болса;
· PhD бағдарламасына түсіп, Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқың келсе —
сенің ГРАНТ ҰТЫП, 2027 ЖЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ МҮМКІНДІГІҢ БАР!
Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 5 қазаннан 4 қарашаға дейін қоса алғанда Қордың сайтында онлайн-өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу керек. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 4 қарашада Астана уақытымен сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады.
Міндетті құжаттар:
· Жеке куәліктің скан көшірмесі;
· «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбына эссе. Эссе мына сұрақтарға жауаптарды қамтуы тиіс: қандай зерттеу тәжірибеңіз бар? жүзеге асырғыңыз келетін зерттеуді қалай елестетесіз және оның жүзеге асуы үшін не істеуге болады?
· Оқу семестрлерінің бағалары көрсетілген транскрипт;
· Бакалавриат дипломы, бағаларымен (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан алынған диплом (1 құжаттан артық емес);
· Түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
· Ғылыми сертификаттар (3 құжаттан артық емес);
· Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар (2 құжаттан артық емес);
· Жарияланымдар (2 құжаттан артық емес);
· Ғылыми жетекшіден, проректордан немесе университет ректорынан ұсыныс хат (1 құжаттан артық емес).
Өтінім мен эссені қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде толтыруға болады. Сертификаттар, дипломдар, ұсыным хаттар және басқа құжаттар түпнұсқа тілінде қабылданады.
Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында 90 күнтізбелік күнге дейін ғылыми тағылымдамадан өтуге 10 грант ұсынады.
МҮМКІНДІГІҢДІ ЖІБЕРІП АЛМА!