Медиа ресурстар
2009: PRIME ERA: ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ!
Жаңалықтар

2009: PRIME ERA: ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ!

 

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған «2009: PRIME ERA» салтанаты өтті.

Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов бейнеқұттықтау жолдап, жастарға білім жолында табыс тіледі. Салтанатты рәсімде бірінші курс студенттері ант қабылдап, оларға студенттік билеттер табысталды.

Шара барысында Студенттік құрылтайдың жаңадан сайланған президенті, Экономика және құқық факультетінің үшінші курс студенті Батырбек Бекеев көпшілікке таныстырылды. Оған студенттер көшбасшысының арнайы лентасы тағылды.

Кеш университет өнерпаздарының концертімен жалғасты. Студенттер мен TOP DANCE KZ би тобы өнер көрсетіп, арнайы қонақ BONAPART ән шырқады.

«2009: PRIME ERA» бірінші курс студенттерінің университет өміріндегі алғашқы қадамын жарқын әрі есте қаларлық етті.