Медиа ресурстар
DIGITAL BRIDGE 2020: УНИВЕРСИТЕТ «AQYL JOL» СТАРТАП-ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ
Жаңалықтар

DIGITAL BRIDGE 2020: УНИВЕРСИТЕТ «AQYL JOL» СТАРТАП-ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қызметкерлері мен білім алушылары цифрлық технологиялар мен инновацияларға арналған ауқымды Digital Bridge 2020 іс-шарасына қатысуда.

Аталған шараға университет атынан вице-проректор Жанар Сүлейменова мен ғылыми қызметкер Асылбек Ғизатов қатысып, цифрлық технологиялар саласындағы жаңа бағыттармен танысып, тәжірибе алмасуда.

Іс-шара аясында университеттің «Aqyl Jol» стартап-жобасы Startup Alley алаңында таныстырылды. Бұл — жобаны кең аудиторияға ұсынуға, IT саласының мамандары мен сарапшыларынан кері байланыс алуға, сондай-ақ кәсіпкерлермен және әлеуетті серіктестермен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Digital Bridge 2020 бағдарламасы аясында цифрлық технологиялар, инновациялар және стартап-экожүйені дамытуға бағытталған тақырыптық сессиялар, питч-сессиялар, байқаулар, презентациялар мен кездесулер өтуде.

Мұндай ауқымды технологиялық іс-шараға қатысу университет білім алушылары үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, кәсіби ортада байланыс орнатуға, тың идеялармен алмасуға және өз жобаларын көпшілікке таныстыруға зор мүмкіндік береді.

«Aqyl Jol» командасына сәттілік пен жаңа мүмкіндіктер тілейміз! 💡🔥

#DigitalBridge2020 #StartupAlley #AqylJol #DigitalKazakhstan #Startup #Innovation #IT #АтырауУниверситеті