Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, кәсіпкерлік және бизнес саласының өкілдері қатысты. Олар еңбек нарығындағы өзгерістерді, жұмыс берушілердің талаптарын және студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту жолдарын талқылады.
Жиынға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау облыстық филиалының бас маманы Байрова Арайлым Нурлановна, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Адиева Асель Жанибековна және «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Сарсенгалиев Руслан Каиргалиевич қатысты. Сондай-ақ «JNA Group» ЖШС жетекшісі Орынбасаров Ербол Тәжіғалиұлы мен «Атамекен» ҰКП Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Амангельды Иманов Нысагалиевич өз ұсыныстарын білдірді.
Экономика және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өткен кездесуде білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің сұранысына бейімдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сарапшылар университет пен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара соңында қатысушыларға мазмұнды пікірлері мен құнды ұсыныстары үшін алғыс білдірілді.