Сіздерді «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі атынан Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жоғары мектеп — бұл елдің интеллектуалды тиянағы, жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтардың орталығы, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын білім ордасы. Студенттеріміздің әрбір жетістігі мен университеттің академикалық табыстарының артында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен жоғары кәсібиліктеріңіз тұр.
Академиялық дәстүрлерді сақтап, ғылымды дамытуға және Қазақстанның жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге берік денсаулық, сарқылмас шабыт, ауқымды зерттеу және педагогикалық жобаларды табысты жүзеге асыруды, жаңа кәсіби биіктерді, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!
Құрметпен,
Директорлар кенесінің Төрағасы, проф. Мамраев Б.