Медиа ресурстар
AI WEEK аясында қонақ дәріс өтті
Жаңалықтар

AI WEEK аясында қонақ дәріс өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «AI WEEK: Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» апталығы аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

Бүгін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде «Әзірлеудің заманауи тәсілдері: Agile, Scrum, Kanban» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен оқытушыларға заманауи жобаларды әзірлеу және басқару тәсілдері туралы практикалық ақпарат ұсыну, сондай-ақ цифрлық саладағы еңбек нарығының өзекті талаптарымен таныстыру.

Қонақ дәрістің спикері – «Теңізшевройл» компаниясының техникалық өнім бөлімінің өкілі Д. Глушко. Кездесу барысында спикер Agile тәсілінің негізгі қағидаларына тоқталып, Scrum және Kanban әдістемелерінің ерекшеліктері мен оларды жобаларды басқару үдерісінде қолдану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар өндірістік ортадағы тәжірибесіне сүйене отырып, нақты мысалдар келтірді.

Кездесу барысында «Теңізшевройл» компаниясының өкілі оқытушылар және студенттермен еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттер мәселесі бойынша пікір алмасты.

«AI WEEK» апталығы аясындағы мұндай кәсіби кездесулер білім алушылардың заманауи технологиялар мен цифрлық құралдар туралы білімін кеңейтіп қана қоймай, академиялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.