2026 жылғы 21 қыркүйекте Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г. Т. Ахметованың ұйымдастыруымен 3-курс білім алушыларына «Салықтар және салық салу» пәні бойынша «Оқудан мамандыққа: «Параграф» АЖ – болашақ бухгалтердің кәсіби құралы» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Қонақ дәрісті «Параграф» ақпараттық жүйесінің Атырау өкілдігінің басшысы Г. Н. Суранкулова өткізді. Дәріс барысында білім алушыларға ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері, оны бухгалтерлік және қаржылық қызметте практикалық қолдану жолдары, сондай-ақ болашақ мамандар үшін заманауи цифрлық құралдардың маңызы туралы ақпарат берілді.
Дәріске 6В04105 – «Қаржы және аналитика», 6В04101 – «Саладағы менеджмент», 6В04102 – «Экономика», 6В04104 – «Бизнес-процестерінің есебі, аудиті және талдауы» білім беру бағдарламаларының 3-курс білім алушылары қатысты.
Дәріс барысында білім алушылар теориялық білімдерін практикалық ақпаратпен толықтырып, ақпараттық жүйені кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.