Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасына қарасты 6В04104 «Бизнес-процестерінің есебі, аудиті және талдау» және 6В04105 «Қаржы және аналитика» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Параграф» ақпараттық жүйесінің Атырау өкілдігінің басшысы Г.Н. Саранкулова және «PR Media Streem» ЖШС қызметкерлері «1С:Кәсіпорын» микробіліктілігін игеру бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Микробіліктілікті игерудің мақсаты – білім алушылардың «1С:Бухгалтерия» жүйесімен жұмыс істеу бойынша кешенді білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығында жұмысқа орналасуын жеңілдету.
«1С:Кәсіпорын» микробіліктілігі аясында білім алушылар еңбек функцияларын жылдам меңгеруге бағытталған қысқа мерзімді оқытудың заманауи форматында білім алады. Сонымен қатар, емтихан тапсыру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие сертификатқа ие бола алады.