Медиа ресурстар
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ AI WEEK АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Жаңалықтар

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ AI WEEK АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» тақырыбына арналған AI WEEK басталды. 21–25 қыркүйек аралығында өтетін апталық студенттер мен оқытушылардың жасанды интеллект, IT және заманауи цифрлық технологиялар жөніндегі білімін тереңдетуге, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Апталықтың алғашқы күні Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті «AI Lesson Designer: жасанды интеллект көмегімен заманауи информатика сабағын жобалау» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Оны магистр, сеньор-лектор Б. Тұрсынова өткізді. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын қарастырып, заманауи сабақ құрылымын әзірлеу және AI құралдарын оқыту тәжірибесіне енгізу тәсілдерімен танысты.

AI WEEK аясындағы танымдық және тәжірибелік іс-шаралар алдағы күндері де жалғасады. Бағдарлама бойынша білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану, Agile, Scrum және Kanban әдістерін меңгеру, робототехника, IT және цифрлық технологиялар тақырыптарында шеберлік сағаттары мен қонақ дәрістер өтеді. Сонымен қатар пікірталастар ұйымдастырылып, AI & IT Battle сайысы өткізіледі.

Апталықтың басты мақсаты – университет қауымын жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен таныстыру, оларды оқу үдерісі мен кәсіби қызметте тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету, сондай-ақ студенттердің жаңашыл ойлау қабілеті мен цифрлық құзыреттерін дамыту.