Медиа ресурстар
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ
Жаңалықтар

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ

Бухарест қаласында Universitatea POLITEHNICA din București базасында Орталық және Шығыс Еуропадағы AUF мүше ұйымдары ректорларының конференциясы — C2R-ECO өтті.

 Іс-шараға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің атынан Стратегия және интернационалдандыру бойынша проректор Рахметолла Закарья және көптілді білім беру факультетінің профессоры Ақмарал Хатифқызы қатысты Конференция барысында университеттің білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы әлеуеті таныстырылды. Сонымен қатар жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.

 Кездесулерде білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастық туралы келіссөздер жасау мәселелері талқыланды.

 Іс-шара қорытындысы бойынша Атырау университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге және жаңа стратегиялық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған маңызды келісімдер жасалды.