Медиа ресурстар
«Puzzle Day» интеллектуалды сайысы өтті
Жаңалықтар

«Puzzle Day» интеллектуалды сайысы өтті

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті мен «Көшбасшы» интеллектуалды клубының ұйымдастыруымен «Pazzle Day» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайысқа 11 команда қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1-орын — «7Rings»
2-орын — «Воздуханы»
3-орын — «Qus Joly»

Интеллектуалды сайыс қатысушылардың білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға және командалық бірлікті нығайтуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреді. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!