Медиа ресурстар
WEBOMETRICS GLOBAL WEB RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ - 8097 ОРЫН
Жаңалықтар

WEBOMETRICS GLOBAL WEB RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ - 8097 ОРЫН

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті халықаралық академиялық және цифрлық кеңістіктегі көрсеткіштерін нығайтып, алға ілгерлеп келеді.

Webometrics Global Web Rankings тәуелсіз рейтингтік платформасының 2026 жылғы шілде айындағы деректеріне сәйкес, университет әлемнің 32 мыңнан астам жоғары білім беру ұйымы арасында 8 097 орынға орналасты.  Онда оқу ордамыз Қазақстан бойынша – 35 орын, Азия университеттері арасында - 4 145 орынды иеленді.

Аталған Webometrics Global Web Rankings — бұрынғы Webometrics.info/CSIC жобасынан бөлек, тәуелсіз рейтингтік платформа. Сондықтан бұл нәтижелер университеттердің академиялық және цифрлық кеңістіктегі көрінуі, ғылыми-зерттеу нәтижелері мен ашықтығына қатысты платформа ұсынған көрсеткіштер ретінде қарастырылады.

Рейтингтің жекелеген бағыттары бойынша университеттің нәтижелері: Impact Rank – 3 196, Openness Rank – 9 570, Excellence Rank – 2 264.

Әлемдік позицияда оң динамика бар. 2026 жылдың қаңтардағы 8 676-орынмен салыстырғанда, шілдеде университет 8 097 орынға дейін көтеріліп, өз позициясын 579 сатыға жақсартып отыр. 

Бұл табанды ілгерілеу — университет қауымдастығының жүйелі әрі бірлескен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген профессор-оқытушылар құрамына, ғалымдар мен зерттеушілерге, үздік студенттеріміз бен жас ғалымдарға, құрылымдық бөлімдер мен университеттің цифрлық және ақпараттық кеңістіктегі дамуына атсалысып жүрген мамандарға шынайы алғысымды білдіремін.