Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, драматург Рахымжан Отарбаевтың 70 жылдығына орай «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен «Рахымжан Отарбаев: рух пен сөздің суреткері» тақырыбындағы студенттер арасындағы эссе және Рахымжан Отарбаев шығармаларынан мәнерлеп оқу байқауының
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың 70 жылдығына арналған “Рахымжан Отарбаев: рух пен сөздің суреткері” атты студенттер арасындағы эссе және мәнерлеп оқу байқауының мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін және жеңімпаздарды анықтау талаптарын белгілейді.
1.2. Байқауды «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қоры» жеке қоры ұйымдастырады.
1.3. Байқауға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің журналистика және дінтану, Көптілді білім беру факультетінің 1-4 курс білім алушылары қатыса алады.
1.4. Байқаудың жұмыс тілі - қазақ тілі.
1.5. Байқауға қатысу - тегін әрі ерікті.
1.6. Байқау 2 турдан тұрады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың негізгі мақсаты – Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, жазушы туындыларындағы ұлттық рухты, адамгершілік құндылықтарды және қоғамдық мәселелерді студенттердің көзқарасы арқылы зерделеу.
2.2. Байқаудың міндеттері: Рахымжан Отарбаевтың әдеби және драматургиялық мұрасын таныту, студенттердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, жастардың шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеті жоғары, дарынды студенттерді анықтау және қолдау, студенттердің ойды жүйелі, сауатты әрі көркем жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
- I тур. Эссе жазу. Эссе тақырыптары:
Қатысушылар төмендегі тақырыптардың бірін таңдайды:
1. «Рахымжан Отарбаев шығармаларындағы ұлттық болмыс»
2. «Рахымжан Отарбаев туындыларындағы туған жер тағдыры»
3. «Ұлттық рухты ұлықтаған қаламгер»
4. «Мен таныған Рахымжан Отарбаев әлемі»
5. «Рахымжан Отарбаев шығармалары және бүгінгі қоғам»
-
- Эссеге қойылатын талаптар
- Эссенің мазмұны таңдалған тақырыпқа толық сәйкес келуі тиіс.
2.Жұмыстың көлемі-700-800 сөз немесе компьютерде (1,5 интерв.) терілген 2,5-3 бет.
3.Мәтінді рәсімдеу талаптары:
- Microsoft Word форматында (doc.);
- қағаз өлшемі - А4;
- қаріп түрі - Times New Roman;
- қаріп өлшемі - 14;
- жоларалық интервал - 1,5;
- мәтін ені бойынша теңестіріледі;
- парақ жиектері - барлық жағынан 2 см;
- абзац шегінісі - 1,25 см.
4.Бірінші бетте эссенің тақырыбы, қатысушының аты-жөні, оқу орны, мамандығы, курсы, байланыс телефоны және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.
5.Плагиат белгілері анықталған немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға жіберілмейді.
6.Талаптарға сәйкес жұмыстар қазылар алқасының қарауына ұсынылады.
7.Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпазы анықталады, 1- турдан іріктелген қатысушылар II - турға жолдама алады.
II тур Рахымжан Отарбаев шығармаларынан мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу мынадай тапсырмалардан тұрады: Әрбір қатысушы өз таңдауы бойынша Рахымжан Отарбаевтың прозалық шығармасынан немесе драмалық шығармасынан үзінді оқиды, оқылатын мәтін ұзақтығы 2-3 минут, қатысушы таңдап алған мәтінін жатқа білуі керек.
Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың: көркем мәтінді оқу шеберлігіне; дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; көркем мәтінді талдау талғамына; сахнада өзін-өзі ұстауына; сахналық киім сәніне баса назар аудара отырып, 10 баллдық жүйемен бағалайды.
4. Байқауға қатысу тәртібі
4.1.Байқауға әр қатысушы бір ғана эссе ұсына алады.
4.2.Байқау жұмысы қатысушының өзіндік пікірі мен тұжырымдарына негізделіп, академиялық адалдық сақталуы және нақты мысалдар мен көркем шығармадан алынған үзінділермен немесе сенімді деректермен дәлелденуі тиіс.
4.3.Эсседе тың идея, өзгеше көзқарас, бейнелі тіл, көркем деталь және сторителлинг элементтері қолданыла отырып, шығарма идеясы қазіргі қоғам мәселелерімен сабақтастырылуы тиіс.
4.4.Қатысушы байқауға мына құжаттарды ұсына алады:
- байқауға қатысу туралы өтінім;
- эссенің электрондық нұсқасы;
- студенттік мәртебесін растайтын мәлімет;
5. Шығармашылық жұмыстарды қабылдау
Өтінім және байқау материалын қабылдау: 16 - 22 қыркүйек 2026 жыл
I тур қорытындысын жариялау: 23 қыркүйек 2026 жыл
II тур: 24 қыркүйек күні, сағат 09.00 - 12.30. Рахымжан Отарбаев аудиториясы
Қорытынды: 24 қыркүйек, сағат 15.00. Рахымжан Отарбаев аудиториясы
- Байқау жүлделері
Қазылар алқасының шешімімен анықталған жеңімпаздар марапатталады:
Бас жүлде - “Рахымжан Отарбаевтың Руханият қоры” жеке қорының бір жылғы оқу ақысын (100 пайыз) төлейтін сертификаты;
1, 2, 3 орын - дипломдар.
Байқауға қатысуға өтінім мен эссенің электрондық нұсқасы Zhurnalistika25@mail.ru электрондық поштасына “Рахымжан Отарбаев - 70” тақырыбымен жіберіледі.
Байланыс телефондары: 87023306901; 87082364588.