Медиа ресурстар
«МҰҒАЛІМ» СПЕКТАКЛІ – ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ
Жаңалықтар

«МҰҒАЛІМ» СПЕКТАКЛІ – ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері мен «Ұстаз» мектебінің оқушылары Атырау жастар театрының «Мұғалім» әлеуметтік драмасын тамашалады. Өнер ордасының үздік репертуарларының бірі саналатын қойылымды Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов та көремен қатарында тамашалады.

«Атырау университеті үшін арнайы ұсынылған «Мұғалім» спектаклі үшін театр ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл қойылымның үлкен тәрбиелік мәні бар. Өйткені ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жас ұрпақтың тағдырына жауапкершілікпен қарап, оның бойына білім мен тәрбие, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін себетін үлкен миссия», – деді театр ұжымына ризашылығын білдірген Саламат Идрисов.

Қойылым жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, ұстаз мамандығының маңызын терең түсінуге және олардың мәдени дүниетанымын кеңейтуге бағытталған көрермені көп спектакль.