Аталған велошеруге Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы Асқар Қазиев және дене шынықтыру мамандығының 1-курс студенті Жолдас Жантілек қатысты.Атырау қаласында 14 пен 65 жас аралығындағы 150-ден аста велоспорт әуесқойын біріктірген «Tour de Saraishyq-2026» велошеруі өтті. Спорттық шараға Қазақстанның әр өңірінен келген велоспортшылар қатысты.
Қатысушылар 100 шақырымдық қашықтықты бағындырып, спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Велошеру Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып, Махамбет ауданындағы тарихи Сарайшық қалашығында мәресіне жетті.Шара соңында барлық қатысушылар арнайы медальдармен марапатталды. Шара соңында барлық қатысушылар арнайы медальдармен марапатталды.
Облыс әкімі Болат Ақшолақов велошерудің өңірде спорт пен туризмді дамытудағы маңызын атап өтті. Өңір басшысы да велошеруге қатысып, спортшылармен бірге 100 шақырымдық қашықтықты бағындырды.