Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне Fulbright бағдарламасының жаңа волонтері Логан Смит (Logan Smith) келіп, өз қызметін бастады. Шетелдік маманды проректор Рахметолла Закарья қабылдап, ұжымға таныстырды.
Fulbright волонтерінің қызметі университеттің халықаралық және білім беру ортасын дамытуға жаңа серпін береді. Бұл – ағылшын тілін жетілдірумен қатар, АҚШ мәдениетімен және академиялық ортасымен жақынырақ танысуға, тәжірибе алмасуға және мәдениетаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік.
Волонтер Логан Смит 2026–2027 оқу жылы барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне ағылшын тілінен сабақ беріп, олардың тілдік дағдыларын жетілдіруге және ағылшын тілінде еркін академиялық әрі кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға үлес қосады.