Медиа ресурстар
🍦 ЖАҢА ОРТА. ЖАҢА ДОСТАР. ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
Жаңалықтар

🍦 ЖАҢА ОРТА. ЖАҢА ДОСТАР. ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Бейімделу апталығы аясында бірінші курс студенттеріне арналған жыл сайынғы дәстүрлі «ICE CREAM PARTY» көңілді кеші өтті. 🎉

Кештің алғашқы бөлімінде университеттің басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін университет табалдырығын аттағандарымен құттықтап, студенттік өмірге сәттілік және алдағы оқу жылына табыс тіледі. 🎓💙

Көңілді кеш ән мен биге ұласып, әр факультеттің белсенді жастары өз өнерлерін ортаға салды.
Әуезді ән, әсерлі би мен қызықты ойындар студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

🔥 Кеш барысында университеттің Медиаорталығы ұйымдастырған «Грант иегері болған сәтіңді бізбен бөліс!»байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Грант иегерлері өздерінің қуанышты сәттерін видео арқылы бөлісіп, ерекше эмоцияларымен көпшіліктің көңілінен шықты. Үздіктерге университет атынан арнайы сыйлықтар табысталды. 🎁

🍦 Әсерлі кеш ән, би, ойындар мен көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Бірінші курс студенттері бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа ортаға бейімделіп, университет өмірінің алғашқы жарқын естеліктерін қалыптастырды.

💙 Қош келдіңіздер, бірінші курс студенттері! Университеттегі студенттік өмірлеріңіз қызыққа, жетістікке және ұмытылмас сәттерге толы болсын!