🏐🇰🇿 АТЫРАУДА ПАРА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Қазақстан және Жапония пара волейболдан ұлттық құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтті.
🤝 Спорттық шараға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, университетіміздің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов қатысты. Сонымен қатар университетіміздің студенттері мен оқытушылары, өңірдің белсенді азаматтары, спорт жанашырлары қатысып, отандық спортшыларға қолдау көрсетті.
🇰🇿 Жарыс барысында көрермендер ұлттық құрамамызға жанкүйер болып, спортшыларға ерекше қолдау көрсетті. Мұндай кездесулер пара спорттың дамуына ықпал етіп, спортшылардың халықаралық аренадағы тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.
👏 Университет ұжымы Қазақстан құрамасына алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейді!