Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті жаңа оқу жылын жағымды жаңалықпен бастайды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы философия докторы (PhD) дәрежесін алған алты ғалыммен толықты.
Бұл жетістік – Атырау университетінің ғылыми әлеуетін арттыру үшін кадрларды даярлау мен қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. Олардың бірқатары Атырау университетінде еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтаған, университеттің қолдауымен докторантурада оқып, PhD дәрежесін алған зерттеуші ғалымдар.
Оқытушы-профессорлар қатарына қосылған Ақмарал Дауткулова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дан «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған тілші ғалым. PhD доктор Көптілді білім беру факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында қызмет етеді. Ал аталған факультеттің Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Узима Жұмағалиева – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) атанған әдебиеттанушы ғалым.
Жас ғалымдар сапында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ретінде АҚШ-тың Гарвард университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Атырауға келген ғалым Рахметолла Закарья – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде дәріс береді. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторантурасын аяқтап, 2023 жылы «8D02206 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған тәжірибелі зерттеуші.
Жаңа оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан «6D011000 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған Бақытгүл Жугембаева – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде қызмет етеді. Сонымен қатар, Экономика және құқық факультетіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дан «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) атанған Жанаргүл Бисембиева еңбек етеді. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан «8D05105 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған зерттеуші ғалым Адель Марат Атырау университетінің жаратылыстану факультетінің студенттері мен магистранттарына дәріс оқиды.
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жаңа оқу жылында PhD докторлық дәрежесімен қызметке кірісетін ғалымдарға сәттілік тілейміз!
Х.Досмұхамедұлы атындағы
Атырау университетінің баспасөз қызметі