Медиа ресурстар
АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
Жаңалықтар

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

10 тамыз – Абай күніне орай Абай ескерткіші алаңында «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты әдеби-сазды іс-шара өтті.

Іс-шараға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Нұрмұханұлы бастаған университет ұжымы қатысты.

Жиынның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз сөйлеп, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен рухани мұрасының ұлттық сана мен мәдениеттегі орнына тоқталды.

Іс-шара барысында Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл қою рәсімі өтті.

Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы сөз сөйлеп, ұлы ақынның шығармалары мен өнегелі ойларының кейінгі ұрпақ үшін рухани бағдар екенін атап өтті.

Университеттің ардақты ұстазы, тарихшы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлы да сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңірудегі мәніне тоқталды.

 

Абайдың шығармашылығы мен тағылымды ойлары – ұлттың рухани қазынасы. Ұлы ақынның мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің рухани дамуына қызмет ете бермек.