Медиа ресурстар
GEWR 2026: Тұрақты даму бағытындағы халықаралық тәжірибе
Жаңалықтар

GEWR 2026: Тұрақты даму бағытындағы халықаралық тәжірибе

2026 жылдың 2-3 шілде күндері Астана қаласында Х халықаралық «Green Еnergy &Waste Recycling Forum 2026» бизнес форумына Тұрақты дамудың негізгі мақсаттары бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Ғылым департаментінің директоры, Тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пәнінің лекторы Адиетова Эльмира Мизамгалиевна қатысып келді. Форумның ұйымдастырылуына «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығы ықпал етті.

Форум – жасыл энергетика мен қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ашық диалогқа арналған халықаралық алаң болып табылады. GЕWR 2026 форумының мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияда қалдықтарды орнықты басқару және тиімді қайта өңдеу негізінде айналмалы экономикаға көшу үшін саланың барлық өкілдерінің күш-жігерін біріктіру. 

Форум аясында қалдықтардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері, қалдықтарды басқарудағы заманауи технологиялар және «жасыл» энергетика, сондай-ақ Орталық Азиядағы қалдықтарды басқару жүйелерін трансформациялау мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессия өтіп, дөңгелек экономиканы дамытудың қаржы құралдары, тұрақты қалалар үшін шешімдер, шығындыларды азайту және метанды басқару, сондай-ақ электрондық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері қаралып, форумға мемлекеттік органдар, даму институттары өкілдері, табиғатты пайдаланушылар және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Форум бойынша қарастырылған сұрақтар мен мәселелер Тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пәні бойынша алдағы уақытта білім алушыларға түсіндірілмек.