Медиа ресурстар
Атырау университетінде «Үздік оқытушы» конкурсына өтінім толтыру бойынша оқыту воркшоптары өтуде
Жаңалықтар

Атырау университетінде «Үздік оқытушы» конкурсына өтінім толтыру бойынша оқыту воркшоптары өтуде

2026 жылдың 5 наурыз күні Атырау университетінде республикалық «Үздік оқытушы» конкурсына қатысатын профессор-оқытушы  құрамына арналған өтінім мен портфолио дайындау бойынша оқыту воркшоптары ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты – оқытушылардың конкурс талаптарын терең түсінуіне, құжаттарды сапалы әзірлеуіне және кәсіби жетістіктерін тиімді көрсетуіне әдістемелік қолдау көрсету.
Іс шара барысында Ғылым департаменті директоры Э.М.Адиетова басшылығымен қатысушылар конкурс регламенті мен бағалау критерийлерін талдап, портфолио құрылымы, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және материалдарды дәлелді түрде ұсыну тәсілдері бойынша практикалық нұсқаулық алды. Сонымен қатар өтінім толтыру кезінде жиі жіберілетін қателер қарастырылып, оларды болдырмау жолдары түсіндірілді.
Оқытушыларға арнайы әзірленген шаблондар, чек листер және ұсыныстар беріліп, жеке сұрақтар мен нақты жағдайлар талқыланды.
Іс шара кәсіби атмосферада өтіп, университеттің ұлттық деңгейдегі конкурстарға қатысу сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.