Медиа ресурстар
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ RES 2026 EXPO КӨРМЕСІНДЕ
Жаңалықтар

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ RES 2026 EXPO КӨРМЕСІНДЕ

 Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әлемдік Green Metric рейтингісінде жетекші орындарға ие болған қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі ретінде RES 2026 EXPO халықаралық көрмесіне қатысты.

 RES 2026 EXPO көрмесі мен 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммиттің басты мақсаты – мемлекеттерді, бизнес өкілдерін, ғылыми қауымдастықты және халықаралық ұйымдарды экологиялық жауапты даму мен жасыл экономикаға көшу жолында біріктіру. Бұл алаңда жаһандық климаттық және экологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде стратегиялық шешімдер қабылданып, нақты іс-қимыл бағыттары айқындалды.

 Саммит елдер, өңірлер және серіктестер арасындағы ашық диалог пен тиімді өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік беріп, Орталық Азия үлгісінде өңіраралық ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.

 Көрме аясында университет ғалымдарының ғылыми жобалары мен студенттердің Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған стартаптары ұсынылуда. Бұл – экологиялық мәселелерді шешуге және тұрақты болашақты қалыптастыруға бағытталған инновациялық бастамалардың нақты көрінісі.

 Атырау университетінің халықаралық деңгейдегі осындай маңызды алаңдарда белсенді қатысуы – ғылым мен білімнің дамуына қосылған елеулі үлес.