Медиа ресурстар
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті
Жаңалықтар

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы – жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдауға, олардың зерттеу нәтижелерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және инновациялық идеяларды дамытуға мүмкіндік беретін дәстүрлі академиялық алаң.

🖇️ Осы мақсатта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІ кезеңі ұйымдастырылып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім алушыларынан талаптарға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары қабылданды.

✨️ Байқаудың ІІ кезеңі келесі білім беру бағдарламалары бойынша өткізілді:
• В049 – Құқық;
• В001 – Педагогика және психология;
• В041 – Психология;
• В037 – Қазақ филологиясы;
• В017 – Орыс тілі мен әдебиеті.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстық комиссиясы барлық ұсынылған жұмыстарды саралап, өз жұмысын толық аяқтады.

✨️ Байқауға қатысқан білім алушылар өздерінің тың ғылыми идеялары мен өзекті жобаларын ұсынып, қоғамның дамуына үлес қосатын зерттеу нәтижелерін көрсетті.

📚 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми жетекшілеріне шығармашылық табыс, ал жас зерттеушілерге ғылым жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз.