Медиа ресурстар
Атырау қаласында дезинсекциялық іс-шаралардың үш жылдық кешенді бағдарламасы талқыланды
Жаңалықтар

Атырау қаласында дезинсекциялық іс-шаралардың үш жылдық кешенді бағдарламасы талқыланды

2026 жылғы 26 маусымда Атырау қаласы әкімдігінің «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ұйымдастыруымен Атырау қаласында дезинсекциялық іс-шаралардың үш жылдық кешенді бағдарламасын бекітуге арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиын Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкіннің басшылығымен өтіп, қала маңындағы ауылдық округ әкімдері, масаға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізетін мекеме басшылары,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен Ғылым департаменті директоры Э.М.Адиетова мен  Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.А.Сапарова және басқа да жауапты мекемелердің мамандары қатысты.

Кездесу барысында дезинсекциялық іс-шараларды ғылыми негізде ұйымдастыру, олардың тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Атырау қаласында өзекті болып отырған мәселелердің бірі масалардың табиғаттағы рөлі мен адам өміріне әсері жөнінде пікір алмасу өтті. Мамандар масалардың экожүйеде белгілі бір қызмет атқаратынын, көптеген құстар, балықтар мен жәндіктер үшін қорек көзі екенін атап өтті. Сонымен бірге олардың адамдарға қолайсыздық тудырып, кейбір жұқпалы аурулардың таралуына ықпал ету қаупі бар екені де айтылды.

Осыған байланысты дезинсекциялық жұмыстардың басты мақсаты – масаларды толық жою емес, олардың санын ғылыми негізделген әрі экологиялық қауіпсіз әдістер арқылы санитариялық талаптарға сәйкес деңгейде реттеу екені түсіндірілді.

Жиын қорытындысында қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар қаралып, ғылыми-сарапшылық топ құрылып, дезинсекциялық іс-шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде ортақ пікірге келді.