Медиа ресурстар
Атырау университетінің командасы мұнай-газ химиясы саласындағы өңірлік хакатонда табысты өнер көрсетті
Жаңалықтар

Атырау университетінің командасы мұнай-газ химиясы саласындағы өңірлік хакатонда табысты өнер көрсетті

2026 жылғы 25 маусымда «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ базасында Атырау облысының мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың басым бағыттарын айқындауға арналған салалық хакатон өтті.
Хакатонның мақсаты – заманауи технологиялық, ғылыми және басқарушылық шешімдер негізінде өңірдің мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу болды.
Аталған іс-шараға Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ), HCOC, KPI, SELENA және басқа да ірі компаниялардың командаларымен қатар, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы төмендегі құрамда қатысты:
1. Тлепбергенова Анар Ерсайынқызы – «Экология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
2. Шамшеденова Самал Саламатқызы – PhD, «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
3. Тауанов Жәнібек Орынбекұлы – 7М05201 «Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты;
4. Бисекова Эльмира Серікқызы – 7М05201 «Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты;
5. Сариева Амина Мұрзағалиқызы – 7М05201 «Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты.
Команда №5 техникалық тапсырма – «Мұнай-газ химиясы бойынша өңірлік құзыреттер орталығын құру» тақырыбы бойынша жобаны сәтті қорғады. Жобаның негізгі мақсаты – Атырау облысының мұнай-газ химиясы өнеркәсібіне арналған салалық құзыреттер орталығының үлгісін әзірлеу болды. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, креативті көзқарасын және қойылған міндеттерді тиімді шешу қабілетін көрсетті.
Хакатон қорытындысы бойынша команда қатысушы сертификатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Команда мүшелерін лайықты өнер көрсетулерімен және университеттің абыройын салалық деңгейдегі маңызды іс-шарада жоғары дәрежеде таныстырғандары үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта ғылыми ізденістеріңізге толайым табыс, кәсіби қызметтеріңізге жаңа жетістіктер, тың жобалардың сәтті жүзеге асуын, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт және отандық ғылым мен білімнің дамуына қосар үлестеріңіздің арта беруін тілейміз!