Медиа ресурстар
📚 Жаңа ғылыми еңбек жарық көрді!
Жаңалықтар

📚 Жаңа ғылыми еңбек жарық көрді!

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Бакытгуль Абыканованың редакциясымен «Digital Support for Teachers’ Professional Development» (2026) атты ұжымдық монография жарық көрді.

📖 5 тараудан тұратын монография Scopus және Web of Science базаларында индекстеледі.

🔍 Бұл еңбекте цифрлық құралдардың Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогтердің кәсіби дамуын қалай өзгерте алатыны терең зерттелген.

💡 Кітапта тек техникалық шешімдер ғана емес, тұтас экожүйені құру мәселесі қарастырылады: микроквалификация жүйесінен, геймификациядан бастап, ауылдық шағын жинақты мектептердің мұғалімдерін онлайн-қауымдастықтар арқылы қолдауға дейін.

🎓 Монография цифрлық педагогика саласындағы зерттеушілерге, оқу орындарының басшыларына және орта әрі жоғары білім беру жүйесін цифрлық жаңғыртуға мүдделі барлық жанға пайдалы болады.

👏 Физика және техникалық пәндер кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Бакытгуль Толыбекқызы Абыканованы осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

✨ Ғылымдағы алар асуларыңыз көп болып, жаңа ғылыми жетістіктеріңіз арта берсін!