Медиа ресурстар
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті әскери кафедрасының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Әскери және педагогикалық зерттеу әдістемесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

 Іс-шараның басты мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту, әскери қызметке оң көзқарас қалыптастыру, жоғары патриоттық сананы дамыту, деструктивті идеологиялардың алдын алу және қоғаммен өзара әрекеттесуді нығайту болды.

 Семинардың ашылуында университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова құттықтау сөз сөйлеп, әскери кафедраның жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

 Семинар барысында әскери-патриоттық тәрбие мен алғашқы әскери дайындықтың өзекті мәселелері талқыланды.

 Әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Р.Ж. Наурызбеков «Бастапқы әскери дайындық сабақтарының сапасы мен тиімділігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

 «Сармат» мектеп-лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Ләйлі Науайқызы Мақсотова жастарды тәрбиелеудің заманауи тәсілдері мен келешек бағыттарына тоқталды.

 Педагогика ғылымдарының магистрі Эдуард Төлегенұлы Джумагельдиев алғашқы әскери-технологиялық дайындық сабақтарында қолданылатын белсенді әрі тиімді оқыту әдістерімен бөлісті.

 ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты департамент бастығының орынбасары, майор Жасұлан Асылбекұлы Сатбалдиев жергілікті басқару органдарының жастарды әскери қызметке шақыру және әскери-патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы баяндады.

 Әскери кафедраның сеньор-лекторы, запастағы подполковник Р.Ж. Еслямов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін қалыптастырудың мемлекет қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

 Семинар қатысушылары әскери-патриоттық тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің жаңа бағыттарын қарастырды.