Медиа ресурстар
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ IT ЖӘНЕ AI ҚОЛДАНУ: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ 4-КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Жаңалықтар

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ IT ЖӘНЕ AI ҚОЛДАНУ: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ 4-КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған «IT және AI оқу үдерісінде қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының 4-кезеңі өтуде.

 Курс барысында тыңдаушылар білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, практикалық дағдыларын дамытуда. Бағдарлама аясында цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу, интерактивті платформалармен жұмыс жасау, оқу материалдарын дайындау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу және цифрлық құзыреттілікті дамыту мәселелері қарастырылуда.

 Сабақтарды «Информатика» кафедрасының магистр, аға оқытушылары Кумаргалиева Айнур Идаятовна мен Гайсина Эльвира Гайсақызы жүргізуде. Оқытушылар тыңдаушыларды заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен таныстырып, оларды кәсіби қызметте тиімді пайдаланудың практикалық жолдарын үйретуде.

 Курс соңында бағдарламаны сәтті меңгерген қатысушыларға біліктілігін растайтын сертификаттар табысталады.

Курс авторы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Информатика» кафедрасының оқытушысы Салтанова Галия Айсиевна. Курс бағдарламасы педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға, білім беру үдерісіне заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізуге бағытталған.