Медиа ресурстар
Жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысы талқыланды
Жаңалықтар

Жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің қызметі мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары мен комплаенс-офицерлердің қатысуымен жиын өткізді.

Жиын барысында «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Шыңғыс Мұхамбетқалиев «ЖОО-лардағы комплаенс-офицерлер жұмысының заманауи моделі: мониторинг, профилактика және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама аясында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің практикалық жұмыс тәжірибесі, академиялық процестерге, мемлекеттік сатып алуларға және университет мүлкін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару тәсілдері ұсынылды.

Мониторингтің тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізі ретіндегі рөліне, қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан сенімнің маңыздылығына, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарының қызметінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар жоғары білім саласында комплаенс институтын одан әрі дамыту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктерін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылады.