2026 жылғы 18 мамыр күні университетімізде Өзбекстан Республикасы Ургенч RANCH технология университетімен онлайн форматта ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуы, бірлескен ғылыми мақалалар мен жобаларды дайындау, сондай-ақ қос диплом бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Өзбекстандық әріптестер университеттер арасындағы серіктестікті кеңейтуге қызығушылық танытып, ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық серіктестікті дамытуға және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.
Білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз.