Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Ғылыми кітапханасы жаңа оқулықтармен толықты
Кафедралардың сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қоры жаңа оқу әдебиеттерімен толықтырылды. Жаңа түскен оқулықтар білім алушылар мен оқытушыларға оқу пәндерін сапалы меңгеруге, өзіндік жұмыстарды орындауға және ғылыми-зерттеу бағытындағы ізденістер жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жаңа әдебиеттер оқу үдерісін заманауи білім ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа түскен кітаптармен Ғылыми кітапхана қорынан танысуға болады.