
9 мамыр 2025
9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ!
Бүгін тарихтың тағылымды беттеріне тағзым етіліп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы айрықша құрметпен атап өтілуде. Атыраудағы Жеңіс саябағында батырлар рухына, олардың ерлігіне бас иілді.
Аталған шараға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ұжымы белсенді қатысып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күніне арналған сөзінде айтылғандай: «Бейбітшілік баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ».
Біз Ұлы Жеңісті ұлықтау арқылы әрбір азаматтың ерлігі мен еңбегін бағалап, ұрпаққа ұлағат етуді парыз санаймыз!
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті барша соғыс және тыл ардагерлерін, батырлардың ұрпақтарын және барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мәңгілік тағзым! Мәңгілік есім!