Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен «Жаңа саяси жүйедегі жастардың рөлі» тақырыбында танымдық лекторий өтті. Шараның басты мақсаты еліміздің Конституциясына енгізілген реформалардың мәнін ашу, оны ілгерілету және жас буынға негізгі заңның маңызын кеңінен түсіндіру болды. Жиын барысында спикерлер жаңа саяси бағыттың басымдықтарына тоқталып, жастардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру мәселелерін талқылады. Қатысушыларға Конституция нормаларының күнделікті өмірдегі рөлі мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріліп, жастардың саяси жаңғыру үдерістеріне қосқан үлесі сараланды. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жаңа жүйедегі жастардың әлеуетін іске асыру мүмкіндіктері туралы өзара пікір алмасты.