Медиа ресурстар
Атырау университетінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында кездесу өтті
Жаңалықтар

Атырау университетінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында кездесу өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заңгер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшы Дидар Смағұловпен кездесу өтті.

Кездесуге Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов қатысып, өз сөзінде заңға құрмет – өркениетті қоғамның басты тірегі екенін атап өтті. Сондай-ақ оқу орнында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, жастарды әділдікке, жауапкершілікке және заң үстемдігін құрметтеуге шақырды.

Кездесу барысында Дидар Смағұлов студенттермен ашық диалог құрып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызына тоқталып, өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.

Жиын аясында құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және қоғамдағы тәртіптің рөлі кеңінен талқыланды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.