Медиа ресурстар
«Х.Досмұхамедұлы мұрасы және заманауи ғылым» атты ғылыми семинар өтті
Жаңалықтар

«Х.Досмұхамедұлы мұрасы және заманауи ғылым» атты ғылыми семинар өтті

24 сәуір - Халел Досмұхамедұлының туған күні. Осыған орай Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде  «Х.Досмұхамедұлы мұрасы және заманауи ғылым» атты ғылыми семинар өтті.

Ғылыми жиынға Х.Б. Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сайпулла Жұмабайұлы модераторлық етті. 

 Жиын аясында мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Халел Досмұхамедовтың шөбересі, тарихшы, саясаттанушы, шығыстанушы Султан Магрупович «Ұрпақ үндестігі: Халел мұрасы – шеберліктің сөзі» тақырыбында баяндама жасап, тарихи сабақтастыққа тоқталды. Педагогика ғылымдарының доценті Айдар Сабиров «Вирусолог – дәрігер» тақырыбын қозғап, медицина саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. 

Педагогика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор Венера Турегалиева «Ми, эмоция және жан саулығы: жаңа бағыт» тақырыбында баяндама ұсынып, адамның психологиялық саулығына қатысты маңызды ойларымен бөлісті. Ал педагогика ғылымдарының магистрі Регина Анарбек «Жаратылыстану ғылымындағы Халел Досмұхамедұлы мұрасы: сабақтастық және даму» тақырыбында ой қозғап, ғалым мұрасының ғылымдағы орнын атап өтті.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Лесқали Бердіғожин қорытынды сөз сөйлеп, Халел мұрасының қазіргі ғылыммен сабақтастығын атап өтті.

Сонымен қатар студенттердің ғылыми жұмыс презентациялары ұсынылып, қатысушылар пікір алмасты.