Media Image
21.04.2026 3

«Цифрландырудағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қылмыстық құқық пәндері кафедрасының ғылыми жоспарына сәйкес «Цифрландырудағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге Атырау облысы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры А.Қ.Ідірісов және Атырау облысы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны А.Б.Нурудиновтің қатыстыс. 

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге цифрландыру үдерісінде туындайтын құқықтық мәселелерді түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заманауи цифрлық ортада заң талаптарын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар есірткіге қарсы қылмыстар, жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, электрондық қызметтерді пайдалану кезіндегі құқықтар мен міндеттер туралы түсінік беру көзделді.

Кездесу барысында студенттер цифрлық құқық саласындағы өзекті мәселелермен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылау нәтижесінде цифрландырудың дамуы құқықтық реттеуді жетілдіруді қажет ететіні, сондай-ақ әрбір азаматтың цифрлық кеңістіктегі жауапкершілігі арта түсетіні атап өтілді. 

 Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар олардың тақырыпқа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.