РЫСҚАЛИ ЖАМАЛИҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Отан соғысының және еңбек ардагері Рысқали Жамалиұлын еске алуға арналған жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары арасындағы волейболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысқан ауқымды спорттық дода тартысты ойындармен ерекшеленіп, жоғары деңгейде өтті.
Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын — Академик Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
🥈 2 орын — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
🥉 3 орын — Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
📷 Дополнительные изображения