Дәстүрлі ойындар тақырыбында Science Café өтті
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлттық кітап күніне орай «Балалар мен жастарды дәстүрлі ойындар мен фольклорлық спорттық жарыстар арқылы тәрбиелеу жолдары» тақырыбында кезекті Science Café алаңы өтті.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар тәрбиесіндегі дәстүрлі ойындардың маңызы, сондай-ақ фольклорлық спорт түрлерінің тәрбиелік және танымдық рөлі талқыланды.
Science Café алаңының спикері – тарихшы, өлкетанушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымов.
Шара аясында қазақ халқының ұлттық ойындары мен спорттық дәстүрлеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, орамал тастау секілді ұлттық ойындардың балалар мен жастардың ой-өрісін дамытудағы, ұйымшылдыққа, ептілікке және ұлттық рухқа баулудағы орны туралы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық ойындарды насихаттау мен оларды жас ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдану мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
📷 Дополнительные изображения