Media Image
16.04.2026 9

Жалпы білім беретін орта мектептердегі дене тәрбиесі пәнінің өзекті мәселелері талқыланды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жалпы білім беретін орта мектептердегі дене тәрбиесі пәнінің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. 

Іс-шараға жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, білім беру саласының мамандары қатысты.

Ғылыми семинар барысында дене тәрбиесі пәнін оқытудағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, пән бойынша бағалау жүйесінің ерекшеліктері, оның ішінде бағаланбайтын форматтың артықшылықтары мен кемшіліктері сараланды. Сонымен қатар әлем елдеріндегі дене тәрбиесін бағалау тәжірибелері салыстырылып, Қазақстандағы дене тәрбиесі пәнінің қазіргі жағдайы мен даму бағыттарына талдау жасалды.

Кездесу аясында оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, сабақ сапасын жетілдіру және жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған тиімді тәсілдер сөз болды. Қатысушылар дене тәрбиесі сабақтарында заманауи оқыту әдістерін енгізудің маңыздылығына тоқталып, цифрлық технологияларды пайдалану, ойын элементтерін енгізу және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын ұсынды.

Семинар барысында саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Мұндай кездесулер дене тәрбиесі пәнінің мазмұнын жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және білім беру жүйесіндегі заманауи талаптарға сай тиімді әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар ғылыми семинардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

📷 Дополнительные изображения