“Таза Қазақстан” жобасы аясында қонақ дәріс өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Қолданбалы экология»,«Экоаналитика», «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламаларының 1–2 курс студенттеріне арналған «Қалдықтар мен төгінділерді басқару» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Шақырылған мамандар — West Dala ЖШС қызметкерлері Айнагүл Бекболатқызы (жетекші эколог) және Ислам Әбиболатұлы (эколог) — студенттер алдында мазмұнды бір сағаттық презентация ұсынды. Олар қалдықтарды басқару жүйесінің негіздері, оларды қауіпсіз жоюдың заманауи әдістері, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жолдары туралы айтып берді.
Іс-шараның практикалық бөлімі — ЛАРН жиынтығын көрсету — ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар төгінділерді жою технологияларымен және жабдықтарды нақты жағдайда қолдану ерекшеліктерімен көрнекі түрде танысу мүмкіндігіне ие болды.
Дәріс интерактивті форматта өтті: студенттер диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірталастарға араласты. Ең белсенді қатысушылар дұрыс жауаптары үшін естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қызықты әрі танымдық кездесу үшін шақырылған мамандарға алғыс білдіреміз. Оларға алдағы уақытта кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
📷 Дополнительные изображения